1, 2, 3 курстарды аяқтайтын білім алушыларды Студентер үйіне орналастыруға құжаттарды қабылдау оқу жылының соңында 15 мамырдан 05 маусымға дейін.
Конкурстық (тұрғын үй) комиссия өтініштерді 10-25 маусым аралығында қарайды.
Конкурстық (тұрғын үй) комиссия 4 курс студенттерінің өтініштерін (1, 2 санаттан басқа) 20 қыркүйектен кейін Студентер үйінде бос орындар болған жағдайда қарайды.
Егер комиссияның оң шешімін алған жоғары курс білім алушысы 20 тамызға дейін Студенттер үйінде нақты тұратынын растамаса, брондау жойылады және орын босатылады.
Растау ssc.buketov.edu.kz (ssc.ksu.kz) порталындағы арнайы белгі арқылы жүзеге асырылады.
Егер тұруды растаған білім алушылар 29 тамызға дейін орналаспаса, брондау жойылады және орын босатылады.
1 курс білім алушыларының Студентер үйіне орналасуға өтініштері қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырғаннан кейін 5-25 тамыз аралығында қабылданады.
Конкурстық (тұрғын үй) комиссия 1 курс білім алушыларының өтініштерін 26 тамыз бен 30 тамыз аралығында қарайды.
Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда Студентер үйіне тапсырыс, ал студентке тұратынын растайтын жолдама беріледі.
Егер жолдама берілген 1 курс білім алушысы 10 қыркүйекке дейін орналаспаса, брондау алынып тасталады және орын босатылады.
Университеттің эпидемиологиялық жағдайға байланысты немесе басқа да себептер бойынша Студентер үйіндегі орындарды бөлу мерзімдерін және қоныстандыру мерзімдерін өзгертуге құқығы бар, бұл ретте конкурстық (тұрғын үй) комиссияның өтініштерді қарау мерзімдерін өз бетінше дербес айқындауға құқығы бар.
1-санат бойынша қабылданатын студенттер:
(грант және ақылы негізде оқитын 1, 2, 3, 4-курс студенттері үшін)
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалар,
- мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар,
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,
- ата-анасының бірі немесе екеуі де мүгедек балалар (1, 2-топтағы).
2-санат бойынша қабылданатын студенттер:
(грант және ақылы негізде оқитын 1, 2, 3, 4-курс студенттері үшін)
- кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар,
- жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар,
- ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары,
- Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғалар, оның ішінде қандастар.
3-санат бойынша қабылданатын студенттер:
(грант бойынша оқитын 1, 2, 3-курс студенттері үшін, 4-курс 20 қыркүйектен кейін орын болған жағдайда)
«Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» («Серпін – 2050») жобасы аясында білім алушылар.
4-санат бойынша қабылданатын студенттер:
(грант бойынша оқитын 1-курс студенттері үшін)
- бірінші курсқа қабылданған, «Алтын белгі» иегері болып табылатын білім алушылар;
- президенттік, халықаралық және республикалық олимпиадалардың және/немесе конкурстардың жеңімпазы немесе жүлдегері сертификатын алған білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білімі туралы растау құжаты (куәлігі, аттестаты, дипломы) бар талапкерлер.
5-санат бойынша қабылданатын студенттер:
(мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес бірінші курсқа оқуға қабылданған, Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе Кешенді тестілеудің, пәндер бойынша немесе ұйым өткізген тестілеу түріндегі түсу емтихандарының қорытындылары бойынша жоғары балына ие).
Әлеуметтік санаттар ескеріле отырып орналастырылады.
Бірінші кезекте толық емес отбасылар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар орналастырылады.
6-санат бойынша қабылданатын студенттер:
(1, 2, 3-курстарды бітіретін білім алушылар, грант бойынша және ақылы негізде білім алушылар үшін, 4-курста 20 қыркүйектен кейін бос орын болған жағдайда):
- грант бойынша білім алатын, университеттің қоғамдық қызметіне белсенді қатысатын және оқуда, ғылыми-зерттеу жұмысында, спорттық іс-шараларда жақсы нәтиже көрсететін студенттер. Бірінші кезекте грант бойынша оқитын толық емес отбасылар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;
-ақылы негізде оқитын, университеттің қоғамдық қызметіне белсенді қатысатын және оқуда, ғылыми-зерттеу жұмысында, спорттық іс-шараларда жақсы нәтиже көрсететін студенттер. Бірінші кезекте грант бойынша оқитын толық емес отбасылар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.
7-санат бойынша қабылданатын студенттер:
(1, 2, 3-курстарды бітіретін білім алушылар, грант бойынша және ақылы негізде оқитын білім алушылар үшін, 4-курста 20 қыркүйектен кейін бос орын болған жағдайда).
Комиссияның 15 қыркүйектен кейін қарауы.
Бірінші кезекте толық емес отбасылар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.
Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахан, Шахтинск қалаларында және Абай ауданының Топар, Қарабас кенттерінде, Дубовка, Құрма ауылдық округтерінде және Бұқар жырау ауданының Үштөбе, Доскей, Жаңаөзен ауылдық округтерінде тұратын грант және ақылы негізде оқитын, 1, 2-санаттан басқа студенттерге Студентер үйінен 20 қыркүйектен кейін бос орындар болған жағдайда беріледі.
Студентер үйіне орналасу үшін қажетті құжаттар тізімі:
Университет мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың, мүгедектер мен бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың тегін тұруын анықтайды.
Егер санат орналасу кезінде расталмаса, Студентер үйіндегі орыннан бронь алынып тасталуы мүмкін.
«Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университеті»
ИИК KZ796010191000077867