Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы бөлімге оқуға қабылдау үшін құжаттар электрондық үкімет порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы қабылданады, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) арқылы 2024 жылғы 25 тамызға дейін жүзеге асырылады. «Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін алу үшін ЭҮП-ке авторлану қажет.
Құжаттарды онлайн форматта беру кезінде «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру», сондай-ақ «Азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға, жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақ беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді белсенді түрде алуға мүмкіндік бар.
Авторландыру кезіндегі қателіктер немесе басқа да техникалық қателіктер болған жағдайда проблеманы жан-жақты сипаттап, өтінімдерді/өтініштерді support@epvo.kz электрондық поштасына жолдауыңызды және қателіктердің скриндерін (ЖСН, проблеманың жан-жақты сипаттамасын, өтінімнің нөмірін) қоса тіркеуіңізді сұраймыз.
Қосымша ақпарат алу үшін ЖЖОКБҰ қабылдау комиссияларына жүгінуге болады (қабылдау комиссияларының тізімі http://www.testcenter.kz сілтемесі бойынша қолжетімді), сондай-ақ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне мына телефондар 8 (7172) 741670, 8 (7172) 742525, 8 (7172) 742284 бойынша хабарласуға болады.
Бұдан басқа, 2024 жылғы 25 тамызға дейін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну және білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу үшін ЖЖОКБҰ қабылдау комиссияларына баруды сұраймыз.
Қызметті онлайн алу
Қызмет көрсету нәтижесі
КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ БЕРУШІГЕ ЖӘНЕ Мемлекеттік органға ЖҮГІНГЕН КЕЗДЕ:
1) Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық болып табылады;
2) 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама, немесе дәлелді бас тарту;
3) Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
ПОРТАЛҒА ЖҮГІНГЕН КЕЗДЕ:
1) "Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету туралы хабарлама (ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап);
2) 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама, немесе дәлелді бас тарту.
talapker.buketov.edu.kz